Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
6 қаңтарда М.Әуезов атындағы мектептің дамыту командасы әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Сабақты зерттеу/Lesson Study - рефлексивті мектеп практикасы» тақырыбы бойынша коучинг-сабақтарын өткізді.
09-01-2023 10:32

Мақсаты - кәріптік қоғамдастық қызметіндегі коучинг және менторинг  арқылы мектеп практикасын қайта құру, мұғалімдерді «Lesson Study» іс-әрекетінде зерттеу идеяларын қабылдауға, оның міндеттерін түсінуге, оқу процесінде іске асыруға дайындау. 
 
Каникул кезінде мұғалімдерге арналған мектептің жұмысын ұйымдастыруға біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өткен педагогтар қатысты.  80 мұғалім төрт топқа бөлініп, өз тәжірибесімен бөлісті.
 
Коуч-тренерлер А.А. Шкретова, С.А. Нихаева, М.Ж. Абылова, А.Е. Бегалинова, А.И. Тайлакова, М.К. Саменова, У.К. Туктыбаева, С.Б. Толебаева дәстүрлі әдістемені салыстыра отырып, сабақты бағалау және Lesson Study зерттеу пікірталасын ұйымдастырды . 
 
Жас мамандар мен жаңадан келген мұғалімдер үшін материалдарға арналған слайдтар қызықты болды.  Коучингке қатысушылар оқушылардың ынтасын арттыруды, білім сапасын арттыруды, оқыту әдістемесін жетілдіруді көздейтін зерттеулердің күтілетін нәтижелерін өздері белгіледі. 
 
Lesson Study зерттеуі оқушылардың шынайы оқуын көруге, сынып пен оқудағы проблемаларға назар аударуға мүмкіндік береді. 
 
Соңында «Google форманы» пайдалана отырып сауалнама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша Lesson Study зерттеулеріне арналған фокус-топтар құрылады.