17 ақпанда «Құс жолы» қамқорлығымен ағылшын тілінің пәндік апталығы жабылды.
Бір апта ішінде мектеп мұғалімдері шет тілін үйрену көңілді және қызықты болатынын көрсетті!
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауын, «Symbols of English – speaking countries» макеттерін, «Ерте, ерте, ертеде» ертегілер фестивалін, ағылшын әндерін үздік орындалу жеңімпаздары атанған жарқын жұлдыздар, жаңа таланттар ашылды.
5-11 сынып оқушыларының 60-тан астамы «Inspiration» ағылшын поэзиясы байқауына қатысып, мәнерлеп және эмоционалды түрде оқи алатындықтарын көрсетті.
«Welcome to the English speaking countries» және «Enjoy your English» экскурсиялары есте қаларлық болды.
Балалардың назарын «The English World» (8-сынып оқушылары қатысты), «Do you know English?» (2-сынып), «Ағылшын әлемінде» викторинасы (5-сынып), «I love English» (6 сынып), «Knowledge is power» (9-сынып), сондай-ақ «Крик души» би ансамблінің қойылымы аударды.
Оқушылар ағылшын тілді елдердің елтану, мәдениет, салт-дәстүрлері бойынша білімдерін толықтырды.
Аптада жарқыраған жұлдыздар білім әлеміне саяхатын жалғастыратынына сенімдіміз, олар шет тілін тереңірек үйренеді, өйткені білім алушыларды ағылшын тілінің ең үздік мұғалімдері үйретеді!
17 ақпанда «Құс жолы» қамқорлығымен ағылшын тілінің пәндік апталығы жабылды. Бір апта ішінде мектеп мұғалімдері шет тілін үйрену көңілді және қызықты болатынын көрсетті!