Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты қалалық фестиваль өтті.
27-04-2023 08:54
Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты қалалық фестиваль өтті.

Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты қалалық фестиваль өтті.

Фестивальдің ұйымдастырушылары Павлодар қаласының білім беру бұйымының «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы КМҚК.

Фестивальдің мақсаты - халықтардың ұлттық-мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту,
патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу,
өзге ұлт өкілдеріне төзімділік пен құрметке тәрбиелеу, достық пен өзара түсіністікті нығайту.

Біздің мектеп кавказ халқының ішінде грузиндерді фестивальде таныстыру құрметіне ие болды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы мен Грузия өз қарым-қатынастарын әріптестік және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарында дамытуда. Жыл сайын Грузияға келетін қазақстандық туристер саны артып келеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында Тбилиси қаласы Муниципалдық жиналысының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 188 өкіміне сәйкес грузин астанасы көшелерінің біріне қазақ ақыны, ағартушы-гуманист Абай есімі берілді. Осы тарихи оқиғаға арналған өлең фестивальдің кіші қатысушылары Садыков Расул мен Дулатов Амирдің аузынан әдемі әрі қолайлы естілді.

Фестивальде Магаррамова Айгюн, Коваленко Анастасия, Сағадат Алтынай, Телеусова Камила, Сабыр Арыстан, Идрисов Ильнур, Саржанов Ескендир, Телеусов Шамиль сынды оқушылар грузин халқын мақтан тұтты.

Дарындылығы, әртістігі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін оқушыларға, сондай-ақ педагогтар Купесова Аимгүль Бельгибаевна, Касенова Жанна Жакыпбековнаға , ата-аналар - Телеусова Айжан Маратовнаға және балаларды фестивальге дайындауға көмектескен мектеп қамқоршыларына алғысымызды білдіреміз!