Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық дуэт-2023»
29-05-2023 15:33
«Педагогикалық дуэт-2023»

Павлодар қаласы М.Әуезов атындағы мектептің педагогтары 26 мамырда өткен «Педагогикалық дуэт-2023» байқауының облыстық кезеңіне қатысты.

Мақсаты - қала мен облыстың білім беру жүйесінде тәлімгерліктің педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату.

Байқаудың Гран-при иегерлері  Садыкова Ризагуль Жумабайқызы мен Садыков Рустам Талгатбекұлын құттықтаймыз.

Жас педагог Садыкова Ризагуль Жумабайқызы «ХХІ ғасырдың заманауи педагогы» тақырыбы бойынша эссе жазды. Тәлімгермен бірге «Менің білімдегі бастамам» атты бірлескен білім беру жобасының тұсаукесері өтті.

Байқауға қатысушылар 7 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін электронды тренажер әзірлеп, білім беру процесінде заманауи компьютерлік технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті.

Ұстаз Садыков Рустам Талгатбекұлына кәсібилігі мен әдістемелік шеберлігі, мақсатқа жетудегі табандылығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Жаңа жобалар мен өнертабыстарды жүзеге асыруға табыс тілейміз! Мектеп ұжымы сіздерді мақтан тұтады.