Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ білім алушылары жазғы каникул кезінде «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы, сондай-ақ «Жазғы MIX-2023» жазғы кешенді бағдарламасы аясында өткен «BOOKBATTLE»
21-08-2023 07:48
Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ білім алушылары жазғы каникул кезінде «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы, сондай-ақ «Жазғы MIX-2023» жазғы кешенді бағдарламасы аясында өткен «BOOKBATTLE»

Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ білім алушылары жазғы каникул кезінде «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы, сондай-ақ «Жазғы MIX-2023» жазғы кешенді бағдарламасы аясында өткен «BOOKBATTLE» қалалық байқауына қатысты. Байқауды ұйымдастырған Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» КММ.

Байқаудың мақсаты – білім алушыларды қазақ әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармалар мен әлем классиктерімен таныстыру, шығармалардың рухани мәнін жеткізу болды.

Балалар барлық кезеңдерден өтіп, үлкен қызығушылықпен сайысқа қатысты. Бүгін қорытынды шығарылды, оған сәйкес 2  дәрежелі диплом және бағалы СМАРТФОН жүлдесі 9 Б сынып оқушысы Арынова Дианаға берілді.

Диплом 3  дәреже және веб-камера 6-сынып оқушысы Тұрлыбек Адинаға берілді.

Қатысу сертификаттары мен сыйлықтар – фото жиектемелерді 7-сынып оқушылары Қабжамит Алина мен Мухамбетова Амина, сонымен қатар 6-сынып оқушысы Асылбулатова Малика алды.

Оқушыларды лайықты марапатпен құттықтаймыз!