Мұхтар Әуезов атындағы мектеп ұжымы «Оқуға құштар мектеп» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
28 тамызда Павлодар қаласының білім беру ұйымдары басшыларының дәстүрлі тамыз кеңесі өтті, онда өткен оқу жылының қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылында білім беру процесін дамыту перспективалары белгіленді.
Кеңес соңында марапаттау рәсімі өтті. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы мектеп ұжымы «Оқуға құштар мектеп» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
Мектептің педагогикалық ұжымын жетістіктерімен құттықтаймыз!
Сапалы жұмыс, кәсібилік және адал еңбек қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.