28 тамызда Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде «2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
Жиналған ата-ана қауымына мектеп басшысы Топанова ГульнарТуияковна құттықтау сөз сөйледі. Ата-аналар мен мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы тығыз қарым-қатынасының маңыздылығын атап өтті.
Жиналыстың күн тәртібіне тиімді оқу процесін ұйымдастыру, оқушыларды жұмыспен қамту, тамақтандыру, мектеп тәртібінің ережелерін сақтау және де мектеп формасына қойылатын талаптар мәселелері енгізілді.
Мектеп психологы Баисова Алма Курумбаевна ата-аналарға эмоционалды стрессті төмендетуге арналған тренинг өткізді, бұл жақынырақ танысу және одан әрі диалог үшін маңызды.
Ата-аналарға бірінші сынып оқушыларының тез бейімделуіне арналған брошюралар берілді.