Павлодар облысы білім басқармасының облыстық дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығы және Павлодар қалалық білім бөлімі 8 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі мен № 25 орта мектептерінде «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2023» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.Байқау дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамытуға және оқу-тәрбие процесінде жаңа білім беру технологияларын пайдалануға бағытталған.
Қалалық кезең 2023 жылдың ақпан айында өтті, оның қорытындысы бойынша келесі кезеңге қатысуға жеңімпаздар анықталды.
Облыстық кезеңге 5 мұғалім қатысты. Олар Ертіс, Май, Успен, Шарбақты аудандарының мұғалімдері мен Павлодар қаласының М.Әуезов атындағы мектебінің мұғалімі.
Байқау қатысушылары 3 кезеңнен өтті:
- «Шығармашылық мұғалім», кәсіби тәжірибесін көрсету;
- таныс емес сыныпта «Заманауи дене шынықтыру сабағы»;
- «Үздік бұқаралық спорттық шара».
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы Мұхтар Әуезов атындағы дене шынықтыру мектебінің мұғалімі Мухамеджанов Дулат Суннатұлы 1 орынды жеңіп алды.
2 орынды Май ауданының Малайсара орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асылханов Ерболат Құсманұлы, Успен ауданының Павлов орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Удербаева Даметкен Бегалиевна алды.
3 орынды Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмадиров Тимур Маралұлы, Ертіс ауданының Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кенжебаев Мейрам Кайроллинұлы иеленді.
Павлодар облысы білім басқармасының облыстық дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығы және Павлодар қалалық білім бөлімі 8 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі мен № 25 орта мектептерінде «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2023» республикалық байқ