Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза бай тіл» ұранымен өткен қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылу рәсімі өтті.
06-03-2024 15:51

Апталықтың басты мақсаты – мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарға: қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне, рухани мұрасына құрмет көрсету мен қастерлеуге тәрбиелеу.

Осыған орай, мектептің бірінші қабаты ұлттық нақышта безендірілді. Киіз үйдің керегесі керіліп, жайылған мерекелік дастархан, қазақтың ұлттық тағамдары, тұрмыстық бұйымдар (бесік, ұршық, диірмен, сандық) көрмесі іс-шараға ерекше сән берді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жиналғандарға бауырсақ, көже ұсынып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы әңгімеледі.

Зияткерлік алаң оқушыларды Қазақстанның мемлекеттік тілін, тарихын, географиясын және экономикасын білуге арналған викториналар мен сайыстармен қызықтырды.

Мәжіліс залында жиналғандарды апталықтың салтанатты ашылуымен қарсы алды. Құрманғазы күйі «Перовский маршы» жас музыканттардың орындауында, «Қара жорға» биі, әндері, қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқу, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесінен үзінді сахналау - барлығы іс-шараға мерекелік көңіл-күй сыйлады.