![Мұхтар Әуезов атындағы мектепте, «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді, оған 7-сынып оқушылары қатысты.](/media/img/blogs/65f7ae7076da0.jpg)
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте, «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді, оған 7-сынып оқушылары қатысты.
Ойынның тақырыбы - Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» әңгімесіне арналды.
Ойынның мақсаты - ең дарынды және талантты оқушыларды анықтау, олардың ой-өрісін кеңейту, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Ойын 3 кезеңнен тұрды: «Бәйге», «Жорға», «Дода». Байқау кезеңдері жазушының шығармашылық өмірбаянын, мазмұнын, кейіпкерлері мен оқиғаның қызықты эпизодтарын білуге арналған тапсырмаларды қамтыды.
Ойынның қорытындысы бойынша: 7Б сынып оқушысы Нұрмақова Аяна 1 орын, 7А сынып оқушысы Рахат Мақсат 2 орын, 7Г оқушысы Айтқожина Томирис 3 орын жеңіп алды.
Жас білгірлерді құттықтаймыз, өздерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға тілектеспіз!