Мұхтар Әуезов атындағы мектепте, «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді, оған 7-сынып оқушылары қатысты.
Ойынның тақырыбы - Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» әңгімесіне арналды.
Ойынның мақсаты - ең дарынды және талантты оқушыларды анықтау, олардың ой-өрісін кеңейту, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Ойын 3 кезеңнен тұрды: «Бәйге», «Жорға», «Дода». Байқау кезеңдері жазушының шығармашылық өмірбаянын, мазмұнын, кейіпкерлері мен оқиғаның қызықты эпизодтарын білуге арналған тапсырмаларды қамтыды.
Ойынның қорытындысы бойынша: 7Б сынып оқушысы Нұрмақова Аяна 1 орын, 7А сынып оқушысы Рахат Мақсат 2 орын, 7Г оқушысы Айтқожина Томирис 3 орын жеңіп алды.
Жас білгірлерді құттықтаймыз, өздерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға тілектеспіз!
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте, «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді, оған 7-сынып оқушылары қатысты.