Мұхтар Әуезов ат. мектепте жаратылыстану ғылымдары апталығы аясында 9 сынып оқушыларына биология бойынша «Жұлдызды сағат» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - биологияға қызығушылықты қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, білім алушылардың коммуникативтік қасиеттерін дамыту.
Зияткерлік ойында бес команда сайысқа түсті: «Іздеушілер», «Білгірлер», «Білгіштер», «Ақылдылар», «Эрудиттер». Іс-шараның атмосферасы қызықты және ғажайып болды: топ мүшелері биология бойынша сұрақтарға жауап берді, практикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Ойын қорытындысы бойынша «Білгірлер» командасы (9Д сын.) 1 орын алды.
2 орынды «Іздеушілер» (9Б сын.) және «Ақылдылар» (9Е сын.) командалары бөлісті.
3 орынды «Білгіштер» командасы иеленді (9 В сын).
Зияткерлік ойынды биология пәнінің мұғалімдері К.Н. Алибеков, Е.В.Иванова өткізді.
Мұхтар Әуезов ат. мектепте жаратылыстану ғылымдары апталығы аясында 9 сынып оқушыларына биология бойынша «Жұлдызды сағат» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.