Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2024 жылдың 16 тамыз күні қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Табысты инновациялық стратегия - 2024» мектептің даму үздік бағдарламасы байқауы өтті.
19-08-2024 10:28

Байқауға Павлодар қаласының мектептерінен 13 команда қатысты, олар ТEDх режимінде стратегиялық жоспарлаудың тиімді моделін ұсына отырып, өздерінің оқу орнының дамыту бағдарламасын қорғауға тиіс болды.

Бағалау критерийлерінде есепке алынды:
электрондық презентацияның сапасы мен нақтылығы, драматизация (сахналау), практикалық маңыздылығы, білім беруді дамытудың қазіргі заманғы бағыттары, SWOT-талдау негізінде нәтижелердің нормативтілігі мен болжамдылығы, миссияның, мақсаттар мен міндеттердің өзектілігі, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу жолдары, ресурстық қамтамасыз етудің шынайылығы, мектептің даму бағдарламасының орындау критерийлері мен көрсеткіштерінің негізділігі, инновациялылық,
негізділік, жобаны ұсына білу, уақытты басқару.

Мұхтар Әуезов атындағы мектептің «PRO Teachers» командасы қойылған барлық міндеттерді орындап, конкурста 2 орын алды.

Мектептің даму бағдарламасын әзірлеушілер мен байқауға қатысушыларды жоғары нәтижемен құттықтаймыз!