Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылуы жарқын,әрі есте қаларлық оқиғаға айналды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және оқушылары бірлесіп дайындаған іс-шаралар, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына тер
11-03-2025 01:32
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылуы жарқын,әрі есте қаларлық оқиғаға айналды.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және оқушылары бірлесіп дайындаған іс-шаралар, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына тер

Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылуы жарқын,әрі есте қаларлық оқиғаға айналды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және оқушылары бірлесіп дайындаған іс-шаралар, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.

Мектеп фойесіне орнатылған,қолдан ұйымдастырылып жасалған киіз үй қазақ халқының қонақжайлылығын, бай мәдениетін, отбасылық құндылықтарын, өмірі мен дүниетанымын бейнеледі.

Айналадағы жайлы атмосфера, дәстүрлі ұлттық тағамдардан жайылған дастархан, қазақтың салт-дәстүрлері мен халық шеберлерінің қолөнер бұйымдарын көрсету іс-шараға ерекше сән берді.

«Бес асық», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойын алаңы және зияткерлік ойындары ептілік пен стратегиялық ойлау қабілеттерін сынағысы келген қатысушылардың назарын аударды.

Шара мәжіліс залында жалғасты. Жиналғандардың назары «Күндізгі студия» бағдарламасына ауды, көрермендердің ықыласы қазақ поэзиясы, музыкасы мен театр атмосферасына қанықты.

Жоғары сынып оқушыларының орындауында, Абайдың «Ескендір» поэмасынан үзіндісі, театрландырылған қойылымы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Жарқын костюмдер, терең актерлік және эмоционалды орындау, көрермендерге ұлы батырдың тарихын Абайдың көзімен көруге мүмкіндік берді.

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы тәрбиелік мәні зор оқиға ғана емес, барша қатысушыларды халқымыздың ана тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті төңірегінде топтастырған нағыз мерекеге айналды.