Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Өнер апталығы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде «Даналық мектебі» клубының этнопедагогика тұрғысынан алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында «Әжелер мектебі» секциясы өтті.
12-04-2025 14:45

Бастауыш сынып оқушыларына құрғақ және жамау киіз басу техникасы бойынша шеберлік сабағын көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.К. Жангужинова өткізді.

Іс-шараның мақсаты - қазақтың дәстүрлі қолөнерін кеңінен насихаттау, еңбекке баулу, ұлттық мәдени мұраны құрметтеуге баулу.

Киіз басу техникасы – жүннен матаға немесе киізге, көлемді ойыншықтарға, панноларға, сәндік элементтерге, киім-кешектерге немесе аксессуарларға өрнек салу үшін қолданылатын қолөнер.

Шеберлік сыныбына қатысушылар құрғақ және жамау киіз басудың ерекше тәсілдерін үйреніп, арнайы ине арқылы киіз басу техникасының қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен әдемі ұлттық бұйымдар жасады. Дайын жұмыстар мектеп көрмесіне экспонаттар мен тамаша кәдесыйларға айналды.

Жоғары сынып оқушыларыТорайғыров университеттің «Архитектура және дизайн» кафедрасының өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессоры Ю.И.Мазинамен кездесті.

Юлия Ильинична «Дизайн және архитектура» тақырыбында қызықты лекция оқып, шығармашылық мамандықтардың ерекшеліктері, жоғары университетте оқудың бағыттары мен мүмкіндіктері туралы айтты.

Кездесу сындарлы түрде өтті: жоғары сынып оқушылары болашақ мамандығын таңдау бойынша ақпарат пен құнды кеңестер алды.