Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, ул.Ткачева, 15
8(718)2-62-62-86 Call Center:
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда 14.00-17.00 Пятница 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»
26-09-2018 08:39
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

Мұхтар Әуезов атындағы №42 орта мектебінде Тілдер күні мерекесіне байланысты апталық басталды. Апталық қыркүйкетің 24 жұлдызынан бастап 28 дейін жалғаспақшы. Бұл мерекелік шараларды «Бірлік», «Лингва» орталықтары ұйымдастыруда. Шаралардың мақсаты балаларға қазақ тілінің қадір-қасиетін түсіндріп, тіл көркемдігін сездіріп, сөз құдіретін, оның адам өміріндегі маңыздығын ұғындыру.
Осы апталықпен қоса Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 160 жылдығына арналған апталық бірге келді. Апталықта оқушылар ұлы ғұламаның өмірі және шығармашылығмен танысады. Бірінші күнді сынып сағатымен бастадық. Сынып сағатында әр сынып жетекшілері оқушыларға Мәшһүр Жүсіп туралы мағлұмат берді. Апталықтың екінші күнін «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесіне виртуалды саяхат» презентациясымен жалғастырмақпыз. Презентацияның мақсаты оқушыларға кесенесін көрсетіп, жалпы Қазақстан бойынша қандай ексерткіштер орналастырылғандарын айтып беру. 

Тілдер апталығына келетін болсақ, апталық «Бір шаңырақ астында» атты суреттер сайысымен басталды. Сайысқа 2-4 сынып оқушылары ат салыса қатысты. Суреттерді мектептің дәлізінде тамшалауға болады. Суреттерді қарай отырып, балалардың қиялында шек жоқ екендігіне көзіміз жетті. Сайыс қорытындысы апта соңында шығарылып, тамаша деген суреттер мақтау қағаздарымен марапатталады. Мектептің бірінші қабатында мақал-мәтелдер, тіл туралы нақыл сөздер жазылулы.
Мектеп кітапханасында «Тілдер әлемінде» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде оқушылар назарына түрлі кітаптар қойылды. Келемін, қараймын, оқимын деген балаларға кітапхана есігі ашық. Тағы айтылмаған шаралар тізімі келесі мақалаларда жалғасын таппақ.
Оқушылар іс-шараларға белсене қатысып, өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, нағыз Патриот екендіктерін дәлелдейтініне сенеміз. «Бірлік», «Лингва» орталықтары алға қойған мақсаттарын жоғары деңгейде орындайды деп ойлаймыз.
М. Әуезов ат. №42 орта мектеп,
А. Т. Кусаинова қазақ тілі және әдебиет
Мұғалім