"Қазақ тілі QR код"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар облысының мәдениет және тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Ана тілі " орталығы Ш.Д. Кинжикованың "Қазақ тілі QR код" авторлық жобасы жүзеге асуда. Жоба арқылы қазақ тілін үйренуге ниет білдірген облыс тұрғындары жаңа форматтағы мемлекеттік тілді тегін оқып, меңгеруге мүмкіндік алады. Тіл жаңашыры Ақмарал Артыкпаева Кенжекөл мектебінде сілтеме кодтары бар плакаттар ілді. Мектеп қызметкерлері мен оқушылар мемлекеттік тілді кеңінен үйренуге қызығушылық танытты.