Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Адрес: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Сынып ағашы» экологиялық акциясы
13-04-2021 10:10
«Сынып ағашы»  экологиялық акциясы
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мекенім-жасыл орманым» облыстық жобасын әзірледі. Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту, сондай-ақ табиғатқа құндылық қатынасын тәрбиелеу мақсатында көшеттер отырғызу бойынша кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастыру және өткізу жоспарланған. Осыған байланысты біздің мектепте «Сынып ағашы» экологиялық акциясы бастауын алды.
Мақсаты: мектеп аумағында экологиялық орта құру.
Міндеттері:
- Балалар мен ата-аналарды біздің мектептегі, ауылдағы экологиялық жағдайдың сапасын жақсарту тәсілі ретінде ағаш отырғызуға тарту.
- Жалпы істе отбасын біріктіру.
- Балаларды еңбектенуге үйрету.
- Балалар мен ересектерге экологиялық мәдениетті, отырғызылған ағаштарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
 
Өзектілігі:
Өнеркәсіптік кесу, орман өрттері, құрғақшылық ықпалы негізінде жыл сайын планетадағы жасыл кеңістіктер саны тұрақты түрде азаюда. Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өз туған қаласының, туған ауылының жағдайына немқұрайлы қарамайтын адамдарды тарту. Акция ата-аналар арасында жақсы экологиялық насихат болып табылады. Балалар ата-аналардың көзқарасын, шараны ұйымдастыруды көріп, оған өздері қатысуға ниеттенеді. Өйткені, ағаш өмір мен білімнің символы. Болашақта мүмкін, бірнеше онжылдықтардан кейін балаларын  мектепке әкелетін ата-ана оған бұл ағашты кезінде мен отырғызғанмын деп мақтанышпен айтады.
 
Акцияны өткізу уақыты: 2021 жылғы 12 - 31 сәуір аралығында.
Қатысушылар санаты: мұғалімдер, оқушылар, оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері).
 
Акция шарттары:
1. Көшеттердің санаттарын таңдау керек:
- қылқан жапырақты: шырша, қарағай, балқарағай, арша;
- жапырақты: терек, көктерек, жөке, шаған, емен.
2. Келесі шарттарды сақтау қажет:
- мектеп аумағында көшет отырғызу;
- көшет жанында белгі қою (сынып, отырғызу жылы);
- көшеттерге күтім жасау;
- жыл бойы көшеттің өсуін бақылау күнделігін жүргізу;
3. Акция қорытындысы бойынша келесі жылы акцияның барлық шарттарын орындайтын сыныптар марапатталады.