«Аулым – құт мекенім»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 8 қазанда 10А сынып жетекшісі «Ауылым – құт мекенім» сынып сағатын өткізді. Сынып сағатына педагогикалық еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің және Павлодар облысына 75 жыл мерейтойлық медалінің иегері – Турлубаева Тлектес Мұқаметқалиқызы шақырылды; бүгінгі таңда зейнеткер – 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық Әйелдер Кеңесінің төрайымы.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ауылдың мәдени ортасы, тарихы, шаруашылығы, экономикасы туралы білімдерін қалыптастыру; логикалық ойлауды дамыту, өз ойларын байланыстыра білу, өз пікірін, сөйлеу мәдениетін білдіре білу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоғары ұлттық сана-сезімін, білімге деген құштарлығын, азаматтық ұстанымын, патриотизм мен адамгершілікті тәрбиелеу.
#QAZAQSTAN