Алғыс күнін мерекелеу аясында тарих пәнінің мұғалімі Сулекеев Д.К «Қазақ халқына мың алғыс» атты дөңгелек үстел өткізді. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқына айтып жүрген алғыстары мен өзара көмектері әңгіменің басты тақырыбы болды. Іс-шараға қонақ ретінде күрд ұлтының өкілі Мамедова Динара болды. Қонақ қазақ халқының қиын-қыстау кезеңде оның отбасына қалай көмектескені туралы әңгімелеп, қазақтың қонақжайлылығы мен мейірімділігі туралы өз әсерлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушылар тыңдағандарын белсенді түрде талқылап, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Бұл ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы алғыс пен өзара көмектің маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара өзге ұлт өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастыруға және олардың мәдениеті мен дәстүрін түсінуге ықпал етті. Сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісімді сақтау мен дамытудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Алғыс күнін мерекелеу аясында тарих пәнінің мұғалімі Сулекеев Д.К «Қазақ халқына мың алғыс» атты дөңгелек үстел өткізді.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_pavlodar