Мектебімізде «Ұлттық киім айлығы» челленджі өтуде.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Осыған орай, Наурыз мейрамын тойлау аясында ұлттық киімдер мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұлттық киім айлығы» челленджі өтуде.