Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Батылдыққа тәрбиелеу – жақсы дәстүр!
10-10-2017 06:53
Батылдыққа тәрбиелеу – жақсы дәстүр!

Батылдыққа тәрбиелеу – жақсы дәстүр!

 Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептері арасында өтетін «Қорғаныс кубогіне» арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша эстафета дәстүрлі түрде жыл сайын Кенжекөл мектебінің базасында өтеді. Ағымдағы оқу жылы аталмыш шара «Әскери-патриоттық жұмыс» бағыты бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы жоспарына сәйкес 7 қазан күні өтті.
Кенжекөл мектебінде өткен ақтық сайысқа қала мектептерінен 13 команда қатысты. Жарысқа сондай-ақ облыстың басқа мектептерінен де командалар шақырту алды. Кедергілер алабында жоғары сынып оқушылары өздерінің батылдықтарын, ер-жүректіліктерін, шыдамдылықтарын, мергенділіктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтары мен ептіліктерін көрсетті. Осы тұста біз болашақ Отан Қорғаушылардың мінездерін байқай аламыз. Жарысқа қатысқан әр оқушы өзінің күшін аямады, бірінші орынға ие болу үшін рухтанып тұрды! Жарыс көрермендері де қатысушыларға дем беріп, оларға қолдау жасады.
Қажырлы күрес барысында жеңіске Кенжекөл мектебінің құрамасы жетті, жетекшісі АӘД оқытушы-ұйымдастырушы Т.А. Тайкебаев. Екінші орынды №21 ЖОМ оқушылары иеленді, жетекшілері АӘД оқытушы-ұйымдастырушы Б.А. Сыздыков. Үшінші орын №43 ЖОМ оқушыларының еншісінде кетті (АӘД оқытушы-ұйымдастырушы С.И. Щетинин).
Әскери-спорттық жарыстың демеушісі Павлодар облысы бойынша Ауған әскер-интернационалистерінің жетекшісі Б.Н. Майкотов. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар және грамоталармен марапатталды. Балалар мен олардың мұғалімдерін құттықтаймыз! Қазақстан Республикасының Болашақ Отан қорғаушылары тек алға!