Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жарайсыңдар, тоғызқұмалақшылар!
24-11-2017 05:58
Жарайсыңдар, тоғызқұмалақшылар!

Спорттың түрі көп. Бірі - күшті болуға, екіншісі - жылдамдыққа, үшіншісі-табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.  

Тоғызқұмалақ - қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойын жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Ұлы ақын Абайда тоғызқұмалақ ойынының шебері болған, үлкен мән берген. Ұмыт болып бара жатқан бұл спорт түрі қазіргі таңда қанатын кең жаюда. Павлодар өңірінде де "Сарыарқа самалы" облыстық газетінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған республикалық турнир өтті. Кенжекөл мектебі де құлшына ат салысты. Сөйтіп, жас маман Қуан Қалибектің дайындаға шәкірті Қабдулмажит Аяжан ІІ орынды қанжығасына байлап, мектеп мерейін бір көтеріп тастады.Бұл біз үшін өте  үлкен қуаныш. Ұлттық спорт ойындарының жанданып, шарықтауы да Тәуелсіздігіміздің белгісі деп түсінеміз. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген ұлтжанды ұстаз Қалибекке айтар алғысымыз шексіз. Шәкірттерін биікке самғап, қанаттары талмасын, Қалибек! Құттықтаймыз!!!

                                                                            қазақ тілі мүғалімі: Смагулова Б.Т.