Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қыздар арасында волейбол бойынша жолдастық кездесу
30-11-2017 02:28
Қыздар арасында волейбол бойынша жолдастық кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Куніне орай Кенжекөл мектебінің базасында 2017 жылдың 29 қарашасында Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Павлодар қаласының және Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінен құралған қыздар құрамаларының арасында волейбол бойынша жолдастық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, белсенді және салауатты өмір салтын ұстану, волейболды дамыту және де өзара қарым-қатынас орнату.

Ойын өте әсерлі өтті. Жарыстың алғашқы минутынан-ақ командалардың жақсы дайындығы байқалды: ойын жоғары деңгейде өтті, әрбір соққылар нақты, эмоциялар ашық, қызу сәттер. Алаңда ерекше спорттық атмосфера орнады, командалардың жанкүйерлері жақсы қолдау білдіріп отырды. Ешбір команда тізгінді бергілері келмеді, өздерінің бар ынталарымен алға басты.

Ойын қорытындысы бойынша жеңіске Павлодар сервис және тамақтану колледжінің командасы жетті. 2 орынды Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар үйінің командасы, ал үшінші орынды Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар үйінің командасы иеленді. Командалар құрмет грамоталарымен және кубокпен марапатталды.

Жарыс соңында қатысушылар өзара бір-бірлерін құттықтап, пікірлерімен бөлісті. Аталмыш жарыс болашақта жалғасын тауып, дәстүрге айналады деп ойлаймыз.