Оқуға құштар мектеп
![Оқуға құштар мектеп](/media/img/blogs/63871c69a1de9.jpeg)
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Павлодар қ. #38 ЖНБМ КММ "Әке, ана және мен - кітап оқитын отбасы" сайысының алғашқы кезеңі өткізілді. "Сүйікті кітаптарымның парақтары" әдеби викторинасына 2-4-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар білгірлік танытып, барлық тапсырмаларды орындап шықты. Мәселен, мақал-мәтелдерді тауып, оқыған шығармаларының кейіпкерлерін атады және өлең шумақтарын оқыды.