
Жазғы бейінді лагерінің “Сәлем, жайма шуақ жаз, қызыққа толы демалыс!” ашылу салтанаты болды. Бейінді лагері бірнеше жасақтардан құралды. “Мен - патриотпын”, “Мен - көшбасшымын”, “Sunny English”, “Олимпиадалық мектеп резерві” жасақтары өз маусымын ашты. Жалпы күн лагердің жұмыс жоспарымен танысып, алда атқарылатын жұмыстарға жоспарлар құрылды.
“Абайдың көзімен....” атты шара ұйымдастылып, Абайдың табиғат лирикасынан өлеңдер оқылып, өлең сюжеті бойынша суреттер сайысы өткізілді.





Қазақ халқының қонақжайлығын барлық халықтар таныды десек де болады. Бейінді жасақтар да өзара бір-бірін қонаққа шақырып ұлттық тағамдар туралы, салт-дәстүрлері туралы айтып, дастарқан жайды. Біздің жасақ “Қымыз – ауруға ем, сауға - қуат ” дегендей “Қымыз-брейк” өткізсе, “Sunny English” жасағы ағылшындардың шай ішу дәстүрін көрсетсе, “Мен - көшбасшымын” жасағы өзбек халқының ұлттық тағамы - палау жасап, қонақтарға дәм татырды.
Мектепішілік лагерінің балаларына арнап, жасақтар “Алло, біз таланттыларды іздейміз!” атты шағын концерт ұйымдастырдық. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, жан-жақты қырларын көрсете білді.