Мақсаты: балалардың шығармашылық және танымдық мүмкіндіктерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін жете түсіну, адамгершілік құндылықтарын калыптастыру.
Байқаудың міндеттері :
1) Халықтық қолданбалы өнер саласында шығармашылық белсенділікті дамыту;
2) Көркемдік қызметте дағдылар мен қабілетті, эстетикалық талғамды қалыптастыру;
3) Зеректікті, назарды, қисынды ойлауды дамыту,
4) Халықтық қолданбалы өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбилеу.
Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
- Жақсы көркем тоқыма бұйым
- Жақсы матаға жазылған өнім
- Жақсы былғарыдан, күдеріден, жүннен және киізден жасалған бұйым
- Жақсы қағаздан, қатты қағаздан, ағаштан жаалған бұйым
- Жақсы сүйектен, сабаннан, қамыштан жасалған бұйым
- Жақсы сымнан, пластиктан, маржан тастардан жасалған бұйым