Әдістемелік бұрыш
Қазан айының соңында тәрбиешілер арасында "Педагогикалық шеберлік" атты КВН өтті. Тәрбиешілер педагогикалық жағдайларды шешіп, Мемлекеттік стандарттар бойынша сұрақтарға жауап берді. Өздерінің шығармашылығын, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Жеңген топ сыйлық ретінде концертке билет алды.