Телефон доверия
8(7182)67-61-98
Адрес: Ак. Шөкин көшесі 33
8(7182)67-61-98 қабылдау бөлмесі 8(7182)67-61-97 бухгалтерия 8(7182)67-61-96 вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, жұма -сағат 15.00- 17.00 дейін.
Біз­дің мақсатымыз – мектептің барлық оқушыларынмемлекеттік тілді мең­геруіне қол жеткізу.
01-10-2013 17:17

      Біздің мектебімізде 2-28-қыркүйек аралығында Тілдер  айлығы шеңберінде іс-шаралар өткізілді. Бұл сайыс шаралардың басты мақсаты: оқушы бойында мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, сөздік қорларын байыту, әдептілікке, бірлікке тәрбиелеу. Біз­дің мақсатымыз – мектептің барлық оқушыларынмемлекеттік тілді мең­геруіне қол жеткізу. «Ана тілің – арың бұл, Ұлтың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл,  Өз тіліңді құрметте»-деп жан күйдіре дабыл қаққан ақын ағамыз Қадір Мырзалиев айтқандайкез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде, қазақ тілін қолдану аясын кеңейту, дамыту мақсатында 2-4 сыныптар оқушыларына арнап мектебіміздің қазақ тілі мұғалімі Ж.Т. Мүрсәлиева және ағылшын тілі мұғалімі Е.А. Конюкова «Полиглот» атты сайысын өткізді. Тілдер айлығы мәнерлеп оқуымен аяқталды. Бірінші сынып оқушысы Овчинников Коля және екінші сынып оқушысы Қайрат Диас бірінші орынға ие болды. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Осын­дай іс-шаралар әлі де жалғасын табады деген ниеттеміз.