Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі
21-12-2016 07:59
Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында №25 жалпы орта білім беру мектебінде Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектептің 120 оқушыларын салтанатты түрде қабылдады.

«Жас Ұлан» ұйымына мүше болудың екі деңгейлі жүйесі бар. «Жас Қыран» төменгі буынына 1-4 сынып оқушылары, «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-11 сыныптар қабылданады. «Жас Ұлан» ұйымына оқуда, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып спорт пен өнер жағынан жақсы көріне білген оқушылар қабылданады.

«Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері галстук, төсбелгі, эмблемасы болып табылады.

«Жас Ұландықтарға» төсбелгі және галстук тағу құрметі мектеп әкімшілігіне және жас Ұлан көшбасшыларына берілді. Жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімі «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларымызға берілді. Ұйымға қабылданған оқушыларымызды мектеп директоры Бабыкова Гаухар Қабдырқызы өз Отанының – Қазақстан Республикасының патриоты болуға, «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тілек білдірді. Құрметті «Жас Қырандықтар», мемлекетіміздің өсуі, өркендеуі сіздердің колдарынызда. Сіздерді ұйымға қабылдануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

ТЖДО А.Б. Каппасова