Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.
30-11-2015 07:16
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.

Бүгін мектепте «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» атты тарихи монтаж өткізілді. 9А оқушылары мен 3-4 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара өткізу мақсаты: Қазақ елінің тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолы мен саясаттағы істеріне мектеп оқушыларының назарын аударып, өздеріне үлгі тұтуға, ұлттық патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

3-4 сынып оқушылары Н.Ә Назарбаевтің өмір жолына шолу жасады. 9 А сынып оқушылары Абельдинова Ажар, Байзакова Анель, Смилова Айдана елбасы еңбектерімен, оның қысқаша мазмұнымен таныстырды. Елбасының Қазақстанды әлем халқына әр қырынан таныта білуін, еліміздің кемелдене көркеюін айта отырып, жасөспірімдер кемеңгер басшыға деген ризашылығын өлең жолдарымен білдірді.

Ұйымдастырылған көрме төрінен, оқушыларымыздың арнаулары мен шығармалары орын алды.

Пән мұғалімі: Омарова Н.Ө.