Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Білім додасындағы жетістік
14-12-2017 08:12
Білім додасындағы жетістік

Білім додасындағы жетістік

Желтоқсан айының 7-8 күндері Павлодар қаласының мектептерінің оқушыларының арасында №56 пәндік олимпиада өтті. №25 ЖОМ-нен 10 пәннен 38 оқушы қатысып, бақ сынады.
Білім додасы – түрлі сайыстардың ішіндегі ең күрделісі. Себебі, оқушылар бұл сайыста пән бойынша алған білімдерін теория және тәжірибешілік жағынан дәлелдеулері керек.
Биыл мектебімізден қатысқан оқушылардың 7-еуі І орын, 7-еуі ІІ орын, 15-сі ІІІ орынға ие болып, командалық есеп бойынша мектеп І орынды иеленді.
І орынға ие болған оқушыларымыз қысқы каникул кезінде өтетін облыстық олимпиадаға жолдама алды. Оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер күтеміз.
Оқушыларды олимпиадаға дайындаған Дарьянова Р.З., Ермағамбетова Н.У. Бейсембекова Ә.С., Бейсекеева Э.А., Искакова Г.С., Жангабулова Н.Е., Кенжебекова А.Ж. сияқты мұғалімдер қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.