"Наурыз-думан, Наурыз той"
18 наурыз күні № 120 балабақшада «Наурыз-думан, наурыз-той» атты мерекелік шара өтті. Мерекеге ата-аналар белсене қатысты. Әр топ ауыл болып топтарын ұлттық киімдер, жиһаздық бұйымдар, ыдыс-аяқ, аңшылық заттар, қару-жарақтармен т.б. жабдықтап, әшекейледі. Сонымен бірге тәрбиешілер ата-аналармен бірге балаларға «Тұсау кесу», «Сырға салу», «Бесікке салу» т.б. рәсімдерін көрсетті. Ән-күй залында, балалар наурыз туралы өлең, тақпақтарын айтып, Қыдыр ата, Наурыз, Алдар-Көсе, Тазша баланы қарсы алды.
Дене шынықтыру залында ұлттық ойындар ойналды. Белсене қатысқан топтарға мақтау грамотасымен алғыс хат берілді. Той мазмұнды, қызықты өтті.