"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"
Бүгін даярлық топ балалары ата-аналармен бірлесіп, «Мәңгілік от алауына» барды. Онда балалар сапқа тұрып, жауынгерлердің 9 мамырға дайындықтарын көріп, тамашалады және «Мәңгілік от алауына» гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ескерткіштеріне барып, тәрбиешілер әңгіме жүргізді. Балалар ардагерлердің аты-жөндерін есте сақтауға тырысты. Соңында, жауынгерлер сияқты сапқа тұрып, балабақшаға оралды.