Әр ұлттың тілі – оның бақыты, байлығы, тірегі. Сол үшін Қазақстан Республикасының азаматы атанған әрбір адам мемлекеттік тілде сөйлеуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті. Бұл бағытта, яғни мемлекеттік тілді дамыту мақсатында балабақшамызда іс-шаралар өткізілді. Барлық топтарда «Қазақ тілінде сөйлесем, биіктерден көрінем» атты тақырыптық оқу іс-әрекеттері, 2 сәбилер, естияр топтарында «Тіл-татулық тірегі» қуыршақ театры, «Бала тілі-бал» атты ересек, даярлық топ балаларының арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Балалар тек қана өлеңдерді мәнерлеп оқып қоймай, сонымен қатар ойыншықтарды сипаттап, бір сөзден бірнеше сөздер шығарып, сұрақтарға жауап берді. Белсене қатысқан балалар грамота және сыйлықтармен марапатталды.
Айлық шеңберінде ата-аналарға акция жарияланып, олар да ат салысып, өз қолдарымен жасалған жұмбақтар, мақал-мәтелдер кітапшаларын жасап әкелді.