"Ашық есік" күні
2010 жылдың 29 сәуір күні ата-аналарға және балабақша мен мектеп арасындағы сабақтыс ретінде мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Ашық есік» күні өткізілді.Барлық 12 топта ашық сабақтар көрсетілді.1- негізгі сабақты топ тәрбиешілері,
2- сабақты пән мұғалімдері көрсетті. Барлығы балабақша бойынша 69 ата-ана, 2 мұғалім қатысты.Сабақтар соңынан ата-аналардан сауалнамалар алынып, өз пікірлері мен ұсыныстарын жазып кетті . Соңында ата-аналарға арналған жалпы балабақшаның тәрбиеленушілері атынан «Ән шашу» атты концерт ұйымдастырылды.Ата-аналар тарапыныан ризашылықтарын білдіріп, балабақша жұмысына қанағаттанып кетті.