Сенім телефоны
8(7182)671065
Мекенжайы: Ак.Шокин к. 40 т. 67-10-65, 67-10-45
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00 - 17.00
Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерей тойына орай өткізілген спорттық жарыс.
04-05-2010 18:00

27 сәуір күні бала-бақшада дене шынықтыру мұғалімі Асаинова Р.Б. және жүзу нұсқаушысы Шахметова Б.Н. ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерей тойына байланысты «Әке, ана және мен!» атты отбасылық, спорттық сайыс өткізілді. Сайыс Даярлық топтар арасында ұйымдастырылды. Даярлық «А», «Ә», «Б» топтарының ата-аналары ерекше белсенділік көрсете білді. Сайыс 9 бөлімнен құрылды. Әр топ өзінің топ аттарын, ұрандарын ойластырды. Сайыс барысында «Бетпе-бет», «Тұсау кесу», «Мерген» сайыстары қызықты өтті. Қатысқандар әр сайысты аяғына дейін аяқтап: жауапкершілік, шыдамдылық және отбасы мүшелер арасындағы бірлік пен ұйымшылдықтарын көрсете білді.

Жанкүйерлер өздерінің ұрандары мен жігерлі сөздері, тілектері арқылы қолдау көрсетіп отырды. Отбасылар сайысында, әсіресе, даярлық «Б» тобының туын көтере келген Исакановтар отбасы ерекше ерік-жігерлері мен белсенділіктері арқылы біздің бүлдіршіндерге үлгі бола білді. Әрі жүлделі орынға да ие болды.

Осындай сайыстар жас ұрпаққа үлгі болып, олардың достық, бірлік, ұлтжандылық, ерлік ұғымдарын терең түсінуіне түрткі болады деп ойлаймыз.