Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесіне арналған "Тәуелсіз елім-Қазақстан" атты балалардың шығармашылық жас суретшілер байқауы өткізілді. Байқауға ересек және даярлық топтарынан 6 бала қатысты.Олар: Инербаев Аршат,Ахметжанов Али,Бахтыбай Адель,Болат Айсұлу,Сәкен Мәди,Кокешова Даяна. Әр бала берілген тақырыпқа байланысты дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салды.Балалар "Ақ тұлпар","Киіз үй","Қыран құс-Бүркіт","Жайлауда","Ақ бота","Қазақ батыры" атты тақырыптарына өте әдемі,ұқыпты,көзді қуантатын өз қиялдарымен суреттерді салып байқауға қатысты. Қалған топ балалары өлеңдерін оқып, әндер айтты және сұрақтарға жауап берді.Балалар өз еліне,өз халқына,туған жеріне деген құрмет сезімдерін білдірді. Осындай іс-шаралар балалардың патриоттық сезімдерін оятып,өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттырып мақтанышпен қарауға тәрбиелейді деп сенеміз. Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер Мерейің 25-жылдық құтты болсын Ғасырдың тойы болшы келе берер. деп жас суретшілер байқауын аяқтады
