
№120 балабақшада күз мерекесіне арналған мерекелік шаралар өткізілді.Әр топта тақырыптық сабақтар өтті. "Күз жомарт"атты көрме ұйымдастырылды,ата-аналар балалармен бірге қатысты.
2сәбилер,естияр,ересек,даярлық топтарында жеке-жеке топаралық ойын-сауық өтті.
Балалар ойын-сауықта күздің кереметімен танысып,би билеп,ән айтты.Ертегі кейіпкерлері қатысып қойылымдар көрсетті.
Ойын-сауыққа қатыса отырып балалардың көңіл-күйлері көтерілді.
Тәрбиелік мәні зор осындай ойын-сауық өткізген ән-күй жетекшілері Аманжолова Салтанат Амантайқызы,Токатова Жанар Төлеутайқызы,хореограф
Ташева Алмагүл Үркенқызы және топ жетекшілеріне балабақша басшысы алғыс білдірді.