№120 балабақшада "Тілдер күніне" арналған мерекелік шаралар өткізілді.
Тақырыбы:"Тіл-ұлттың жаны,халықтың үйі"
Мақсаты:Балалардың тіл туралы білімдерін жетілдіру.Өз тіліне,туған жеріне құрмет көрсете білу,басқа ұлттың тілін құрметтеуге баулу.
20-24қыркүйекке дейін балабақшамызда тіл апталығы өтті.
1.Әр топта тақырыптық сабақтар өтті.
2.Ақпарат бұрышына тіл күніне арналған мағлұматтар ілінді.
3.Қабырға газеті шығарылды.
4.2сәбилер тобында"Менің ойыншығым"тақырыбында балалар сүйікті ойыншықтарын сипаттады.
Естияр тобында "Бала тілі-бал"тақырыбында мәнерлеп өлең айтып,тақпақ,мақал-мәтелдерді жатқа айтты.
Ересек тобында "Тіл қадірі-ел қадірі" атты сайыс өтті.Балалар мақал-мәтел,өтірік өлең,жаңылтпаштар айтып сайысты.
Даярлық топтарында"КТК" түрінде сайыс өтті.Балалар үш тілде тақпақ айтып,ертегіден көрініс көрсетті.
Сонымен бірге Павлодар радиосына "Балдай тәтті балдырған" бағдарламасына қатысып ән айтып,тақпақ, ертегі, мақал-мәтел айтып, 2сәбилер тобының балалары өзінің ойыншықтарын сипаттап берді.Апталық өте қызықты өтті.