Сенім телефоны
8(7182)671065
Мекенжайы: Ак.Шокин к. 40 т. 67-10-65, 67-10-45
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00 - 17.00
07-10-2010 18:00

№120 балабақшада денсаулық күніне арналған эстафеталық жарыс өткізілді.

Тақырыбы:"Денсаулық-зор байлық"

Мақсаты:Спорттық жарыста балаларды ойын элементтерімен таныстыру,спорттық білімдерін тереңдету және бекіту,ойын тәртібін сақтап,сапта өздерін еркін ұстауға баулу,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру,балалардың өзара достық қатынаста болуы және жолдастарының жетістігіне қуана білуге тәрбиелеу.Ата-аналардың,балалардың және ұстаздардың арасында қарым-қатынасын нығайту.

Даярлық топтардың арасында ата-аналармен бірге жарыс қызықты өтті.Топтар өз ұрандарын айтты."Кім жылдам?", "Хоккеист":"Кедергі кездесетін жолмен жүгіру","Мерген","Орындық","Су сорғыш не үшін керек" атты ойындар өткізілді.

Әділқазылар жалпы қорытындысын шығарғанша

1.Балалар музыкалық номер көрсетті.

2.Ұлттық ойын ойнады.

Марапаттаудан кейін ата-аналарға сөз берілді.

Ата-аналар өз ризашылығын білдіріп,осындай эстафеталық жарыстар жиі болуына ұсыныс жасады.