№120 балабақшада 29 қазан күні "Баланы тәрбиелеудің рухани-адамгершілік ерекшеліктері"тақырыбында ата-аналар жиналысы болды.Жиналыстың тақырыбын ашу үшін томендегіндей баяндамалар оқылды.
1."Жас ұрпаққа ұлттық-патриотизмді қалыптастырып,адамгершілік рухани тәрбие беру"Директор:А.М.Акатаева.
2."Өзін-өзі тану пәнінің бала тәрбиесіндегі рөлі"Әдіскер:А.Б.Аужанова
3."Балабақшадағы балалардың денсаулығы және тамақтану туралы мәлімдеме"Медбике: С.Қ.Бухариева.
4."Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас"Психолог:Ә.Ж.Асанаева
5."Баланың тілін дұрыс дамытайық"Логопед:Г.Е.Кабыкенова.
Жиналыстың басында тәрбиеленушілер тақпақ,өлең айтты.Баяндамалар слайд арқылы көрсетілді.Ата-аналарға жаднама таратылды.Психологиялық тренинг өткізіліп,сауалнама жүргізілді.
Ата-аналар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, оған нақты жауап алды.Жиналыстың соңында балабақшаның өміріндегі қоғамдық жұмыстарға, түрлі шараларға белсене қатысып жүрген ата-аналарға алғыс хат берілді.Ата-аналар жиналысы мазмұнды және қызықты өтті.