"Ұстаз ұлы тұлға"

Бүгін мұғалімдер күні қарсаңында бала бақшамыздың жас мамандарының арасында "Ұстаз ұлы тұлға" атты сайыс өткізілді. Сайыс 4 турдан тұрды. Тәрбиешілер таныстыру, өз өнерлерін көрсету, викториналық сұрақтарға жауап беріп , күзгі сән үлгісін көрсетті. Сайыс өте қызықты тартымды өтті. Жеңімпаздар мадақтама және сыйлықтармен марапатталды.