"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе"!

Бақшамызда даярлық топтарының арасында "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы,ерінбе" атты өлең оқудан сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Бүлдіршіндеріміз нақышына келтіріп жаттаған өлеңдерін оқып шықты. Одан кейін Абай Құнанбаев туралы дайындалған видеороликті тамашалады. Сайыс соңында бүлдіршіндеріміз Абайдың "Көзімнің қарасы" атты әні айтып аяқталды.