Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Менің Отаным - Қазақстан» XХ –шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Біз және экология» секция жұмысының қорытындылары
23-11-2020 16:40
«Менің Отаным - Қазақстан» XХ –шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы 	«Біз және экология»  	секция жұмысының қорытындылары

                «Менің Отаным - Қазақстан»

                XХ –шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-

       тәжірибелік конференциясы 

      «Біз және экология» 

       cекция жұмысының қорытындылары

         

     2020 жылғы 23 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» XХ-шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми - тәжірибелік конференциясы көлемінде «Біз және экология» секциясы Zoom платформасы негізінде өз жұмысын атқарды.

    Секцияға Павлодар, Ақсу қалаларының жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелері 2 - 11 сыныптарының 15 оқушылары қатысты.  

    Секция жұмысы барысында аймақтық экологиялық мәселелердің шешілуіне қосылған тәжірибелік үлесін бейнелейтін жұмыстар (жанасқан аумақтарды көгалдандыру және жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, мектеп орманшылықтары, экологиялық жасақтарының жұмысы, табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС салаларындағы зерттеулер) тыңдалды.

    Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады: А. М. Утилова, Павлодар педагогикалық университеті педагогика жоғары мектебінің аға оқытушысы, Б. Қ. Текенова, БЖЭТО «Экология» бөлімінің меңгерушісі, Ж. Қ. Абаилдинова, «Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі.

Павлодар қаласының № 7, 11, 16, 20, 32, 33, 34, 39 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК тәрбиеленушілері белсене қатысты.

Секция қорытындылары бойынша конференция жүлдегерлері мен қатысушылары грамоталармен, жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды. 

«Біз және экология» секциясында І орынды «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК тәрбиеленушісі Бейсенбаева Камилла, ІІ орынды Павлодар қаласы № 7 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Мещанов Дамир, ІІІ орынды Павлодар қаласы № 33 ЖОМ 11 сынып оқушысы Шандыбасова Аружан иеленді.