Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік экспедициялық жасақтардың слетінің облыстық қашықтық кезеңі
07-09-2021 16:57
«Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік экспедициялық жасақтардың слетінің облыстық қашықтық кезеңі

Балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру мақсатында 2021 жылғы 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік экспедициялық жасақтардың слетінің облыстық қашықтық кезеңі өткізілді.    Слетке 100-ден астам оқушыны қамтитын өңірдің 11 командасы қатысты. Слет келесі номинациялар бойынша өткізіледі: бард ән байқауы, өлкетану, экологиялық және туристік блоктар. Қатысушылар қорғау үшін туристік экспедиция маршруттары, «Туған өлке тарихы»виртуалды саяхаттары, өлкетану зерттеу жобалары, экологиялық экспедициялар, жорықта «зардап шеккендерге»дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын және туристік тораптарды байланыстыруды орындау дағдыларын көрсетті.
       «Бард әні»  номинациясында «Ақсу» балалар эко-техноорталығының оқушылары үздік атанды, өлкетану бөлімінде үш номинация бойынша Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы оқушыларының жұмыстары атап өтілді, экологиялық бағыт бойынша екі номинация бойынша Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалары ауылы мен Тереңкөл ауданының құрама командалары ерекшеленді, туристік бөлімде Павлодар қаласының № 8 мектеп-лицейі мен «Ақсу» балалар эко-техноорталығының бейнероликтері жоғары бағаланды.
      Слет қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 3 орынды Ертіс ауданының командасы, 2 орынды Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, 1 орынды БЖЭТО командасы иеленді.
      Слет жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!