"Менің таза қалам" экологиялық десанты
![](/media/img/blogs/62cbf961deb52.jpeg)
Қала күнін мерекелеу аясында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Экология және туризм орталығы Усолка өзенінің жағасында "Менің таза қалам" экологиялық десантын ұйымдастырды. Десантқа 60-тан астам адам қатысты: орталық педагогтары мен тәрбиеленушілер ата-аналарымен, сондай-ақ аталған іс-шараға ПМПУ биология және химия факультетінің студенттері қатысуға ниет білдірді. Экологиялық десант кезінде 20 қаптан астам қоқыс жиналды. Сүйікті Усолкамыздың жағалауы болашақта бүгінгідей таза болады деп сенеміз!