Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Кольцовтарды еске алуға арналған жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша қалалық турнир
11-10-2022 16:55
Кольцовтарды еске алуға арналған  жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша қалалық турнир
2022 жылғы 9 қазан күні Павлодар қаласы Жаңауыл кентінің ауданындағы Ертіс өзенінің жайылмасында Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі Павлодар облысының спорт бағдарлау Федерациясымен және «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК бірлесіп ұйымдастырған Кольцовтарды еске алуға арналған спорттық бағдарлау бойынша дәстүрлі жарыстар өткізілді. 
Жарысқа «СЮТур» БАК туристік клубтары – «Эдельвейс», «Вертикаль», «Вертикаль 14», «Искра», Павлодар ауданы Розовка ауылының «Виктория» спорт клубы, ППУ студенттік географиялық қоғамының командасы, Павлодар облысының бағдарлау әуесқойлары мен ардагерлері, барлығы 130 қатысушы қатысты.  
Чемпиондарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!  М18 тобы: Каиркулов Ансат  «Искра» – 1 орын, Дьяченко Антон «Вертикаль» - 2 орын. M16 тобы: Барбашин Данил «Вертикаль 14» - 2 орын.  W16 тобы: Виткова Дарья «Вертикаль 14» - 1 орын, Комлева Анастасия «Вертикаль14» - 2 орын.  М14 тобы: Перекопский  Роман «Эдельвейс» -1 орын, Корниенко Илья «Вертикаль14» - 3 орын.  W14 тобы: Жаменкина Вероника «Эдельвейс» - 1 орын, Кузина Верослава «Вертикаль» - 2 орын. М12 тобы: Дайкенов Дэвид «Эдельвейс» - 1 орын, Лоскутников Егор «Вертикаль 14» - 2 орын, Яроватый Герман «Эдельвейс» - 3 орын. W12 тобы: Кузина Лучезара  «Вертикаль» - 1 орын, Блоха Алина « Вертикаль»- 2 орын, Перекопская Ксения  «Эдельвейс» - 3 орын. 
Жас туристерге жеңіл соқпақтар мен жолдар, нақты Азимут және тек шуақты күндер тілейміз!