Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық Турнир, спорттық туризмнен ҚР Чемпионаты
10-01-2023 12:54
Республикалық Турнир, спорттық туризмнен ҚР Чемпионаты
 
4-8 қаңтар аралығында Алматы облысының Чапаев кентінде спорттық туризмнен республикалық Турнир, спорттық туризмнен ҚР Чемпионаты өтті. 18 адамнан тұратын Павлодар облысының делегациясы саны бойынша ең үлкен делегациялардың бірі болды. ДЮЦЕТ "Жасөспірімдер" жас тобында (14-18 жас) үш команда және "Ұлдар" жас тобында (14 жасқа дейін) бір команда шығарды. 
"Жеке" қашықтығында "Юниорлар" жас тобында Киселев Артем ("Павлодар" командасы) ерлер арасында ІІІ орынды иеленді. Қыздар арасында ІІ орынды Докучаева Василина ("Павлодар-1" командасы) иеленді. Қыздар арасында Бикмулина Дания ("Павлодар-1" командасы) чемпион атанды.
"Байламдар" қашықтығында: І орын, аралас байлам - Киселев Артем / Муравкина Дарья ("Павлодар" командасы), ІІІ орын, аралас байлам - Идрисов Амир/ Икласова Альбина ("Павлодар-1" командасы), І орын, ерлер байламы- Идрисов  Елнур / Горнунг Данил ("Павлодар" командасы). "Ұлдар" жас тобында ІІ орынды Усенов Ильдар/Кузнецова Алена, ІІІ орынды - Ридзаускайте Валерия/Вишенкова Анна байламы иеленді. 
"Юниорлар" жас тобының "Эстафета" қашықтығында "Павлодар" командасы ІІ орын, "Павлодар-1" командасы ІІІ орын алды. 
Ең қиын қашықтықтардың бірінде "Павлодар" командасы ІІ орынды, "Павлодар-1" командасы ІІІ орынды иеленді. 
"Юниорлар" жас тобындағы спорттық туризм бойынша республикалық турнирдің жалпы командалық есебінде "Павлодар" командасы, "Павлодар-1" командасы қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, "Павлодар" командасы спорттық туризм бойынша ҚР Чемпионатында 1 орынға ие болды. Жалпы есепте 57 жүлделі орын: 21 бірінші, 15 екінші және 21 үшінші. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай – ақ жетекшілерді- Ирина Валерьевна, Владислав Юрьевич, Сергей Николаевичті тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!