Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар" атты облыстық семинары
26-04-2024 17:00

2024 жылдың 26 сәуірінде Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының негізінде Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған "БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар" атты облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына 35-тен астам қатысушы қатысты: биология, география, технология мұғалімдері, тәрбиешілер, өңірдегі 29 білім беру ұйымдарының мектеп жанындағы учаскелерінің басшылары. Семинарда "Оқушыларға экологиялық тәрбие беру ортасы. БЖЭТО жұмыс тәжірибесі", "Тәжірибелік жұмыс жүргізу кезінде инновациялық әдістерді қолдану", "Дендрологиялық зерттеулер: қоршаған орта туралы ағаштар айтып береді", "Көгалдандырудағы жаңа үрдістер, мектеп жанындағы учаскелердің экологиялық жағдайы",
"STEM, экологиялық білім берудегі инновациялық технология ретінде", "Мектеп жанындағы учаске оқушыларды экологиялық тәрбиелеу құралы ретінде", "Жасыл желек" мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелерінің жыл сайынғы облыстық байқау-конкурсы жеңімпаздарының тәжірибесі. Тыңдаушылар шеберлік сағаттардың ерекше практикалық маңыздылығын атап өтті: "Сәндік ағаш-бұта өсімдіктерін көбейту" және "Гүл дақылдарының көшеттерін әртүрлі тәсілдермен өсіру".